Бүгінгі күні 2020 жылдың 27 қарашасында республика колледждерінің үздік 100 студентін марапаттау шарасы өтті. Ашық он-лайн форматта ҚР БҒМ вице-министрі Ш.Т. Каринова балаларды байқаудағы жеңісімен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі. Құттықтаулар өңірлерде жалғасты. Ақмола облысы республикалық байқаудың алты жеңімпаз студентін марапаттады. Ж. Мусина атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Аманжолова Аққу, Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Қомар Нұрсұлтан, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің студенті Ливенцова Анна, Степногорск қаласы, индустриялық-техникалық колледжінің студенті Сухов Владислав, Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің студенті Қайыр Әлихан, Красный яр ауылы, агротехникалық колледжінің студенті Дондыхын Әли балаларымызды мақтан тұтамыз!
Сондай-ақ конкурстың республикалық кезеңіне қатысып, бірнеше ұпай жетпеген облыстық кезеңінің жеңімпаз студенттерін құттықтаймыз.
Білім басқармасының басшысы Б.Жүсіпов студенттердің жақсы оқуына тілектестік білдірді. Әлеуметтік серіктестер де шетте қалмады, «Бірінші жұмыс орны» жолдамаларын «Қанай би – 1» директоры Т. Кабдулов, «Көкшетау қаласының № 6 орта мектеп-лицейі» директорының атынан табыс етті.
«Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
ООӘК-нің ТжКБ бөлімі
27/11/2020