«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, мерекелер туралы үздік эссеге облыстық сырттай конкурс туралы ақпарат.

11.12.2020

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсанында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер, мерекелер туралы үздік эссе бойынша әрекет ететін отбасылық клубтар арасындағы облыстық сырттай конкурстың қорытындысы шығарылды.

       Мақсаты: отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, болашақ ұрпаққа үздік дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды тарату, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

        Аталған іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің он тоғыз отбасылық қарым-қатынас клубтарының өкілдері қатысты. Қатысушылар осы іс-шарада өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар туралы баяндап берді. Сондай-ақ отбасылық мерекелер туралы әңгімеледі, қатысушылардың бірі армандарымен бөлісті.

  Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

 1 орын - Д.М. Массеров, Сандықтау ауданы, Сандықтау орта мектебінің «Наследие» отбасылық қарым-қатынас клубы;

 2 орын - А.В.Лапковская, Атбасар ауданы Новосельская орта мектебінің «Радужное сияние» отбасылық қарым-қатынас клубы;

Ж. А. Елеуова, Қорғалжын ауданының «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

 3 орын – Г.Н.Жусупова, Ақкөл ауданы, П.Исаков атындағы № 1 АОМ «Family club» отбасылық қарым-қатынас клубы; Г.Е. Жакимова, Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінің «Жігер» әкелер клубы, А. Темирғали, Жақсы ауданы, №1 ОМ «Отбасы –аялы алақан мекені» отбасылық қарым-қатынас клубы.

        Облыстық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сертификаттармен, қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталады.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст