«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында өткізілген «Үздік өндірістік оқыту шебері-2020» облыстық сырттай байқау қорытындысы бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

15.12.2020

Еңбекке жаңа сипат беретін ғылыми-техникалық прогресс жағдайында қазіргі заманғы жұмысшының оған дайын болуы, кәсіптік-техникалық білімі, кәсібі бойынша терең білімі және өндірістік қызметтегі іскерлігі болуы қажет. Бұл мәселені шешуде өндірістік оқыту шеберлері – бас тәлімгерлері жетекші рөл атқарады. Олар ұлдар мен қыздарға өздерінің білімі мен тәжірибесін, идеялық нанымын таратады, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелейді, өсіп келе жатқан Қазақстан азаматының жеке басын және жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді қалыптастырады..

Білім басқармасы басшысының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 263 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 2-10 желтоқсан аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері-2020» облыстық сырттай байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты - өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыру және үздік жұмыс тәжірибесін әрі қарай тарату болып табылады.

Байқауға педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледждердің 21 педагогы қатысты.

Кез – келген байқау тек қатысушылар үшін ғана емес, қазылар алқасы үшін де жауапты жұмыс. Қатысушылардың жұмысын білім беру саласындағы жоғары кәсіби және құзыретті мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бағалады.

Байқау 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші іріктеу кезеңінде комиссия мүшелері бейнероликтерді, портфолионы қарады. Финалдық кезеңге өндірістік оқытудың 10 шебері өтті. Финалдық кезеңде комиссия мүшелері бейне сабақтарды қарап, on-line режимінде «WorldSkills International стандарттарына сәйкес модульдік-құзыретті технология бойынша бағалау парағын әзірлеу» білімі мен дағдыларды көрсетілімдерін бағалады.

Оқытудың үздік өндірістік шебері және 1 дәрежелі дипломы мен 200 000 теңге сомасындағы сертификатқа Айткожин Асан Болатұлы, Көкшетау қаласы, «Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК-ның өндірістік шебері  ие болды.

2 дәрежелі диплом және 100 000 теңге сомасындағы сертификат иегері Батаев Болат Естаевич, «Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК.

3 дәрежелі диплом мен 80 000 теңге сомасындағы сертификат иегері Ларин Владимир Геннадьевич,  «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК.

Үш қатысушы номинациялар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды:

«Мамандыққа деген адалдық» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы-Голубева Инесса Яковлевна, «Степногорск қаласы, индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК;

«Педагогикалық шеберлік» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы - Исаханова Толкын Бауыржановна, «Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі» МКҚК;

«Мамандықтағы шығармашылық» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы-Турлубеков Жанат Шаймуратович, «Щучинск қаласы, Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» МКҚК.

Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуді тілейміз!

Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст