Текст
16 желтоқсан – еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі.Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Өткен жылдар ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім, жауапты сыртқы саяси бағыт Республиканың халықаралық беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды.
Бүгінде Қазақстан-әлемдік кеңістікте маңызды орын алатын табысты, серпінді дамып келе жатқан мемлекет.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!