«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жол қозғалысы ережелері бойынша «Үздік бейнеролик» облыстық онлайн байқауын өткізу туралы ақпарат

09.09.2020

2020 жылғы 07 қыркүйек күні «Жол қозғалысы ережелері бойынша «Үздік бейнеролик» облыстық онлайн байқауының қорытындысы өтті.

 Байқаудың мақсаты жол қозғалысы ережелерін үйретудің жаңа тәсілдерін жетілдіру болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

- балалар жол қауіпсіздігі бойынша іске асырылатын бағдарламаларды әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік материалдар базасын құру;

- жол қозғалысы саласында қауіпсіз өмір салтын насихаттау бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру;

- білім беру ұйымдарында балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету бойынша жұмыстың мазмұнын, технологияларын, нысандары мен әдістерін анықтау;

- жолдарда қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау процесіне электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарын енгізу.

Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орын - Пищулин К.В., Степногорск қаласының «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК.

II орын - Болатов Д.Е., Степногорск қаласы білім бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп – лицейі» КММ.

II орын - Мадиярова З.Ш., Степногорск қаласы білім бөлімінің                               «А. Косарев атындағы №9 орта мектебі» КММ.

III орын - Ерханат Б., Көкшетау қ. «ІТ мектеп – лицейі».

III орын - Жолмағамбетова Ш.М., Есіл ауданының «С.Серіков атындағы ОМ» КММ.

III орын - Левицкая Т.А., Жақсы ауданының «Островский ОМ» КММ.

«Жол қозғалысы ережелері бойынша «Үздік бейнеролик» облыстық онлайн байқауының жүлделі орын иелеріне Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің дипломдары мен алғыс хаттары табыс етіледі.

  • 3.jpg
  • 1.jpg
  • 2.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 09.09.2020 10:10
Құрылған күні: 09.09.2020 10:16

Текст