ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және үш тілді білім беруді дамыту аясында 2019 жылы Ақмола облысының 4965 педагогын біліктілікті арттыру курстарында оқыту жоспарлануда, оның ішінде 4199 адамды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы мен Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында (2276 – «Өрлеу», 1923 – ПШО) білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқыту жоспарлануда.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 634 педагог оқытылды: оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері – 150, қазақ тілі – 104, ағылшын тілі – 50, орыс тілі – 92, тарих – 25, физика – 20, биология және жаратылыстану – 18, математика – 90, көркем еңбек – 29, дене шынықтыру – 56.
Педагогикалық шеберлік орталығында 119 адам оқытылды: оның ішінде «Мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер бойынша мектеп тренерлері» бағдарламасы бойынша – 58 педагог, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері – 15 адам, аудандық(қалалық) білім беру бөлімдерінің, білім басқармаларының басшыларына арналған бағдарлама бойынша – 20 адам, директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары – 26 адам.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында (толық және шағын жинақты мектептердің басшылары) Астана қаласы ПШО базасында 46 мектеп директорлары (оның ішінде: 36 - ШЖМ; 10-ШЖМ) білім алуда. Курстардан өту мерзімі 21 қаңтар мен 27 желтоқсан аралығында.
Қысқа мерзімді және деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан 84 педагог өтті:
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тілдік курстарда (физика, информатика, химия, биология) 67 педагог, «Менторлық» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы» бойынша облыстың 180 педагогы оқуын жалғастыруда.
2019 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан – 753 педагог, қысқа мерзімді және деңгейлік курстарда – 84 педагог өтті.
С. Алиева – Ақмола облысы білім басқармасының
«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің әдіскері