«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ

12.08.2021

2021 жылғы 12 тамызда педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері сессиясының отырысы өткізілді.

Панельдік сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Хасенова Мадина Белгібайқызы және 548-ден астам педагог: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары, сондай-ақ облыс мұғалімдері қатысты.

Сессия жұмысында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушылардың білім олқылықтарын толтыруда жазбаша тілді дамыту, оқушылардың медиақұзыреттілігін қалыптастыру, білім сапасын арттыру үшін педагогтыің кәсіби белсенділігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде орыс тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері талқыланды. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, Пожидаева Марина Николаевна, Жумабекова Айслук Шаймухановна, Спиридониди Ольга Николаевна, Щербакова Флорида Павловна, Маркевич Светлана Сергеевна, Егель Евгения Викторовна өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар жоспарлау, оқу мақсаттары, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.

Құрметті әріптестер! Сіздерге жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер тілейміз! Мықты денсаулық, амандық және табыс тілейміз! 

/public/files/2021/8/12/120821_190954_rekomendacii.docx 

/public/files/2021/8/12/120821_191155_mediakompetentnosty-scherbakova-fp.pptx 

/public/files/2021/8/12/120821_191214_prezentaciya-k-dokladu.pptx 

/public/files/2021/8/12/120821_191228_razvitie-pisymennoy-rechi-kak-napravlenie-funkcionalynoy-gramotnosti-s.pptx 

/public/files/2021/8/12/120821_191310_slayd-imp-2021-2022-uchgod.pptx 

/public/files/2021/8/12/120821_191338_slaydy-egely.ppt 

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст