«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» облыстық панельдік сессияны өткізу туралы ақпарат

2021 жылғы 10 тамызда облыстық тамыз кеңесi аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiндегi панельдiк сессия отырысы өткiзiлдi.

Панельдiк сессия жұмысына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, «Bilim Land» ЖШС өкілдері, білім басқармасының маманы, облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің директоры мен әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандық/қалалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтері қауымдастығының төрағалары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты. 

Барлығы 600-ден астам педагог қатысты.

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директоры Ляззат Сурагановна Курмангалиева құттықтау сөзінде келесі оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту бойынша міндеттерді атап өтті.

Панельдік сессияда ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры Адамова Манар Елекенқызы мектепке дейінгі білім берудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, 2021-2022 оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім беру мен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, мектепке дейінгі білім беру мен оқытуды дамыту моделін іске асырудың негізгі бағыттары мәселелерін айтып өтті, сонымен қатар облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайы, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, әдістемелік сүйемелдеу мәселелері қаралды. Сессия аясында BilimKids.kz. онлайн- білім беру платформасының ресурстарын пайдалану мәселелері талқыланды.

Сессия қатысушылары пікір алмасты, өз тілектері мен ұсыныстарын енгізді, толғандыратын сұрақтар қойды.

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды. 

/public/files/2021/8/10/100821_193441_rekomendacii-kaz.docx 

/public/files/2021/8/10/100821_194028_ru-2021-bilimkids-prezentaciya-03062021-rus.pdf 

/public/files/2021/8/10/100821_194059_maybah-ae.pptx 

/public/files/2021/8/10/100821_194139_ovkoryabkinaluchshaya-praktika.pptx 

/public/files/2021/8/10/100821_194220_prezentaciya-kukenova-mn.pptx 

/public/files/2021/8/10/100821_194258_prezentaciya-nakenova-dm.pptx 

/public/files/2021/8/10/100821_194346_slaydy-akghanova-a-r.pptx 

/public/files/2021/8/10/100821_194414_suhanova-ea.pptx 

 

Жаңартылған күні: 10.08.2021 19:27
Құрылған күні: 10.08.2021 19:44

Текст