«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ

18.08.2021

2021 жылғы 18 тамызда педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында «Тарих» және «География» пәндері бойынша білім беру үдерісінің мазмұндық және ұйымдастырушылық-әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында тарих және география пәні мұғалімдерінің панельдік сессиясының отырысы өтті.

Панельдік сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Хасенова Мадина Бельгибаевна және 630-дан астам педагог: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Тарих» және «География» пәндері бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары, сондай-ақ облыс мұғалімдері қатысты.

Сессия жұмысында білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру және жою, қысқартылған үлгілік оқу жоспарларына көшу жағдайында күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, оқушылардың функционалдық және картографиялық сауаттылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Тарих және география пәні мұғалімдері Гаухар Ордабаевна Биекенова, Салтанат Амантаевна Досанова, Юлия Владимировна Касымова, Елена Николаевна Махомет өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хатты түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Тарих және география пәні мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.

Құрметті әріптестер! Сіздерге жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер, мықты денсаулық, амандық және табыс тілейміз! 

/public/files/2021/8/18/180821_184454_rekomend-2.docx 

/public/files/2021/8/18/180821_184610_doklad-dosanovoy-sa-777.ppt 

/public/files/2021/8/18/180821_184631_bayandama-1.pptx 

/public/files/2021/8/18/180821_184657_konferenciya-kasymova-yuv-1.ppt 

/public/files/2021/8/18/180821_184715_18082021-soderghanie-i-reshenie-uchebnyh-zadach-i-upraghneniy-po-geogr.pptx 

/public/files/2021/8/18/180821_184732_slaydimp-2021-2022-uchgod-2.pptx

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст