«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында «Денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасын іске асыру бойынша шығу кестесіне сәйкес шығу туралы ақпарат

29.04.2019

2019 жылдың 22-26 сәуірі аралығында суицидтің алдын алу бойынша Жол картасына сәйкес Ақмола облысының білім және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Ақмола облысының аудандары мен қалалары бойынша шығу кестесіне сәйкес Бұланды, Бурабай аудандары мен Біржан сал ауданына шығу жүзеге асырылды. Бұланды ауданының 22 мектебі, Бурабай ауданының 34 мектебі және 4 колледжі: жоғары педагогикалық колледжі, жоғары техникалық колледжі, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылық колледжі, Біржан сал ауданының 23 мектебінің педагог – психологтарының жұмысы тексерілді.

Сондай – ақ, Ақмола облысының білім басқармасы, «Шаңырақ» ҚҚ және Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп психиатрлар мен жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге, ЖІИ инспекторларына, ауылдық округ әкімдеріне, әлеуметтік педагогтар мен мектеп және ауылдық округтердің медицина қызметкерлеріне, сонымен қатар, ата-аналарға арналған бірқатар іс – шаралар, семинарлар мен кездесулер жоспарланып, өткізілді.

Семинар суицидтің алдын алу, суицид вахтерлерін оқыту және кәмелетке толмағандардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне арналды. Семинар белсенді практикалық түрде өтті, бұл жасөспірімнің өміріне қатысы бар барлық қызмет салаларының бірлескен жұмысының маңызды көрсеткіші болып табылады. Әр педагог-психологпен жеке әңгімелесу өткізілді.

  • 20190426_151032.jpg
  • IMG-20190426-WA0066.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.04.2019 17:48
Құрылған күні: 29.04.2019 17:48

Текст