«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік психолог» облыстық конкурсты өткізу туралы Ереже

22.11.2022

I. Жалпы ережелер

1.  Конкурстың негізгі мақсаты дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.

         Конкурстың міндеттері:

1) психологтардың инновациялық тәжірибесі туралы деректер қорын толықтыру;

2) психологтардың үздік тәжірибесін анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру;

3) психологтардың кәсіби қарым-қатынасы және шығармашылық идеялармен, тәжірибемен алмасу үшін жағдай жасау;

4) конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіби психологиялық білімнің маңыздылығын күшейту және білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру.

 

II. Конкурсқа қатысушылар

5. Конкурс үш санат бойынша өткізіледі:

 І санат-3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар.

Конкурс тапсырмаларын орындау барысында психологтар кәсіби эрудицияның, зияткерлік және жалпы мәдени дамудың деңгейін, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін көрсетеді.

 II санат-3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар.

Кәсіби шеберлікті (балалармен, педагогтармен, ата-аналармен жұмыс істей білу) көрсетуге, оқу іс-әрекеті процесінде проблемалық жағдайларды, психология бойынша теориялық білімді, жалпы мәдениет пен эрудицияны шешуге бағытталған тапсырмаларды көздейді.

 III санат-7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.

Осы санаттағы қатысушылар кәсіби шеберліктің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін, әдістемелік дайындығын, өз қызметін жобалауды, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.

III. Конкурстың кезеңдері мен мазмұны

6. Байқау 2 кезеңде өтеді:

I кезең - өңірлік, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері ағымдағы жылдың 14   қазанында  дейін өткізіледі.

II кезең - облыстық, а. ж.  20-21 қазан аралығында Көкшетау қаласында  өткізіледі.

7.Қорытынды ІІ кезең 3 турда өткізіледі (бағалау критерийлері 1-қосымша.).

 

7.1. 3 жыл жұмыс өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

Эссе көлемі 1,5 – 2 баспа бет, WORD, 14 шрифт Times New Roman. Эссені әр қатысушы өздерімен бірге байқауға қағаз түрінде жеткізеді.

2 тур. «Өзін-өзі таныстыру».

Қатысушылар өздерін қызықты түрде таныстыруы, дарындылығын, креативтілігін, көшбасшылық қасиеттерін және т. б. көрсетуі қажет.

3 тур. Өз бетінше таңдалған тақырып бойынша авторлық бағдарламаның тұсаукесері.  

7.2.  3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

Эссе көлемі 1,5 – 2 баспа бет, WORD, 14 шрифт Times New Roman. Эссені әр қатысушы өздерімен бірге байқауға қағаз түрінде жеткізеді.

 2 тур. «Өзін-өзі таныстыру».

Қатысушылар өздерін қызықты түрде таныстыруы, дарындылығын, креативтілігін, көшбасшылық қасиеттерін және т. б. көрсетуі қажет.

  1. тур. «Психология бойынша элективті курс бағдарламасын немесе түзету-дамыту авторлық бағдарламасын таныстыру» практикалық конкурсы (слайдтар, бейнероликтерді қолдануға болады).

7.3. 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

Эссе көлемі 1,5 – 2 баспа бет, WORD, 14 шрифт Times New Roman. Эссені әр қатысушы өздерімен бірге байқауға қағаз түрінде жеткізеді.

2 тур. Психолог портфолиосын таныстыру. Портфолио жұмыстарының саны 3-тен көп емес.

  1. тур. Білім беру процесінің кез келген қатысушыларымен практикалық іс-шара (түзету-дамыту сабағы, мастер-класс, психологиялық тренинг және т.б.) өткізу

 

IV. Конкурсты ұйымдастыру

8. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді.

9. Ұйымдастыру комитеті конкурстың қорытынды кезеңін дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасайды, қазылар алқасының құрамын, конкурстың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын бекітеді, конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

V. Байқау қорытындысын шығару

        10. Конкурстың нәтижесінде қазылар алқасы байқаудың әрбір сатысы үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталады.

         11. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

 

1 қосымша

I санат үшін бағалау критерийлері:

1 тур. «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

  Бағалау критерийлері:

- ғылыми бағыты мен өзектілігі;

- бірегейлігі, тұтастығы, мазмұны;

- тілдік безендіру мәдениеті;

- қолжетімділік, креативтілік, қажеттілік.

2 тур. «Өзін-өзі таныстыру».

Бағалау критерийлері:

- психология әдістерін, мазмұнын меңгеру;

- сахналық шеберлігі;

- креативтілік;

- кәсіби шеберлік.

Сөз сөйлеу уақыты - 3 минут.

3 тур. Өз бетінше таңдалған тақырып бойынша авторлық бағдарламаның таныстыру.

Бағалау критерийлері:

- тақырыптың өзектілігі;

        - таңдалған тақырыптың мазмұндылығы; 

        - жалпы және кәсіби эрудиция;

        - шығармашылық ойлау, креативтілік.

  Сөз сөйлеу уақыты - 10 минут.

 

II санат үшін бағалау критерийлері:

        1тур «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

  Бағалау критерийлері:

- ғылыми бағыты мен өзектілігі;

- бірегейлігі, тұтастығы, мазмұны;

- тілдік безендіру мәдениеті;

- қолжетімділік, креативтілік, қажеттілік.

2 тур. «Өзін-өзі таныстыру».

Бағалау критерийлері:

- психология әдістерін, мазмұнын меңгеру;

- сахналық шеберлігі;

- креативтілік;

- кәсіби шеберлік.

Сөз сөйлеу уақыты – 3  минут.

3 тур. «Психология бойынша элективті курс бағдарламасын немесе түзету-дамыту авторлық бағдарламасын таныстыру» практикалық конкурс (слайдтар, бейнероликтерді қолдануға болады).

Бағалау критерийлері:

- бағдарламаның өзектілігі;

- бағдарлама мазмұнының қойылған мақсаттарға сәйкестігі;

- тапсырмалар мен жаттығулар кешенін таңдаудың ғылыми негізділігі,

- бағдарламаның (курстың) нәтижелілігі, тиімділігі.

Сөз сөйлеу уақыты - 10 минут.

 

III санат үшін бағалау критерийлері:

        1тур «Мен және менің мамандығым», «Психолог - болашақ мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыптарының біріне эссе жазу.

  Бағалау критерийлері:

- ғылыми бағыты мен өзектілігі;

- бірегейлігі, тұтастығы, мазмұны;

- тілдік безендіру мәдениеті;

- қолжетімділік, креативтілік, қажеттілік.

2 тур. Психолог портфолиосын таныстыру.

  Бағалау критерийлері:

- ұсынылған ғылыми-әдістемелік материалдың өзектілігі;

- материал мазмұнының пысықталу деңгейі;

- заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;

- ұсынылған материалдардың нәтижелілігінің мониторингі.

Сөз сөйлеу уақыты – 5-7 минут.

 

3 тур. Білім беру процесінің кез келген қатысушыларымен практикалық іс-шара (түзету-дамыту сабағы, мастер-класс, психологиялық тренинг және т.б.) өткізу.

Бағалау критерийлері:

- педагогтың жалпы мәдениеті;

- оңтайлы психологиялық атмосфера құру;

- психологтың пәндік-кәсіби құзыреттілігі.

Сөз сөйлеу уақыты-10-12  минут.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.11.2022 14:54
Құрылған күні: 22.11.2022 15:32

Текст