«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шебер - жаттықтырушыларға арналған «Жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру» оқыту курстарын өткізу

18.06.2019

2019 жылғы 11-16 маусым аралығында Ақмола облысында педагог - психологтарға арналған «Жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру» курсы өткізілді, оған 16 аудан мен Степногорск қаласынан 194 психолог қатысты.         

Оқыту жаттықтырушылары педагог – психологтарды отбасылық жүйе бойынша оқу материалымен таныстырды, шынайы жағдайға барынша жақындатылған жағдайларды жою арқылы кеңес беру дағдыларын үйретті.

Оқытудың мақсаты мен міндеттері: 

- қатысушылардың отбасылық жүйелі кеңес беру кезеңдеріне сәйкес бірінші кездесуді ұйымдастыру және өткізу іскерліктерін қалыптастыру. Кеңес беру барысында отбасы мүшелерінің қарсыласуымен жұмыс істеуге, отбасы мүшелеріне түсінікті тілде нақты және анық сұрақтар қоюға, кеңес беру хаттамасын жүргізуге үйрету;

 - отбасылық жүйеде циркулярлық бірізділікті қадағалай білуді қалыптастыру, оны анықтауға жүйелік сұрақтар қою, кеңес беру хаттамасын толтыру;

  - қатысушылардың отбасы жүйесін диагностикалауды және жүйелік гипотезаны құруын қалыптастыру;

 - дисфункционалды коммуникацияларды анықтай білуді қалыптастыру, отбасылық жүйедегі коммуникацияда бұзылуларды қамтитын гипотезалар құру, кеңес беру хаттамасын толтыру;

 - жасөспірімдердің симптоматикалық мінез-құлқын жүйелі отбасылық тетіктерді қадағалай білуді қалыптастыру, олардың негізінде жүйелі гипотезаны қалыптастыру және оны отбасы мүшелеріне/клиентке қайтару.

            Белсенді курстар басталар алдында педагог-психологтар осы бағдарлама бойынша онлайн – оқудан өтті. Өңір педагог-психологтары психологтардың кәсіби қызметінде ең маңызды болып табылатын отбасылық жүйеде жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру бойынша ауқымды ақпарат ала отырып, білім және іскерлікке ие болды.

  • IMG-20190615-WA0045.jpg
  • IMG-20190615-WA0044.jpg
  • IMG-20190614-WA0012.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.06.2019 17:20
Құрылған күні: 18.06.2019 17:21

Текст