«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған әдістемелік ұсынымдар Педагогтарға және ата-аналарға көмек көрсетуге арналған суицидтің алдын алу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар

12.11.2019

Суицидтік мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерді анықтау және алдын алу жұмыстары мектеппен, отбасымен және балалардың өзімен бірге кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

- Әдістемелік семинарларда, әдістемелік бірлестіктерде «Тәуекел топтағы» оқушыларды сүйемелдеу бойынша мәселелерді қарастыру қажет (құжаттарды жүргізу, жеке жоспар, тренингтік сабақтар бағдарламасын және т. б. құру);

- Айына бір рет аудандық педагог-психологтардың отырысын өткізу керек, онда клиникалық жағдайларға талдау жүргізу және осы семинарлар практикалық бағытта және әдістемелік өзара алмасу болады; аталған семинарлар практикалық бағытта және әдістемелік өзара алмасуға ие болады;

- Балалар мен жасөспірімдер ұжымында жағымды эмоционалдық жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар (сынып сағаттары немесе сабақтан тыс жұмыстың өзге де нысандары шеңберінде) өткізу керек;

- Оқушылардың бойында «адам өмірінің құндылығы», «өмірдің мақсаты мен мағынасы» деген ұғымдарды, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларда психологиялық қорғау тәсілдерін қалыптастыру қажет;

- Жасөспірімнің қазіргі өмірдің күрделі және қарама-қайшы болмыстарына психологиялық дайындығы арқылы күйзеліске төзімділігін арттыру, күтілетін қиындықтарды жеңуге дайындығын  қалыптастыру қажет;

- Оқушыларға мекенжайы мен телефондарын көрсете отырып, психологиялық көмек көрсету орталықтары (плакаттар, буклеттер)  туралы ақпарат беру керек;

- Ата-аналармен баланың отбасында эмоционалдық, адамгершілік және дене дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ағартушылық және оқыту іс-шараларын өткізу керек; отбасында балалардың психологиялық денсаулығын сақтау жағдайларын жасау бойынша: (балалардың отбасылық және ішкі проблемаларын ашық талқылау қажет; өз балаларына өмірде нақты мақсаттар құруға көмектесу және оларға ұмтылу; міндетті түрде кедергілерді жеңуге жәрдемдесу; балалардың кез келген оң бастамаларын сөзбен және іспен мақұлдау; ешқандай жағдайда физикалық жазаны қолданбау; өзінің өсіп келе жатқан балаларын көбірек сүю керек, олармен мұқият және  нәзік болу керек).

Ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық ұсынымдар:

- Баланы қоршаған ортамен салыстырмаңыз;

- Балаға сеніңіз, онымен адал болыңыз және баланы қалай бар, солай қабылдаңыз;

- Жиі дене байланысын, релаксация жаттығуларын қолданыңыз;

- Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға мүмкіндік беріңіз, оны жиі мақтаңыз, бірақ ол не үшін екенін білуі керек;

- Баланы жиі атымен атаңыз;

- Сенімді мінез-құлық үлгілерін көрсетіңіздер, балаға үлгі болыңыз;

- Балаға жоғары талаптар қоймаңыз. Егер балаға қандай да бір оқу пәні қиын болса, оған көмектесіп, қолдау көрсетіңіз, тіпті аз жетістіктерге жеткенде мақтауды ұмытпаңыз;

- Баланы тәрбиелеуде дәйекті болыңыз. Бұрын рұқсат еткен нәрселерге себептерсіз тыйым салмаңыз;

- Балаға көп ескерту жасамауға  тырысыңыз;

- Жазаны тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданыңыз;

- Баланы қорлап, жазаламаңыз;

- Баламен сөйлесіп, басқа да маңызды ересек адамдардың беделіне нұқсан келтірмеңіз. Мысалы, балаға: «Сенің ұстазың көп нәрсені түсінбейді, мені жақсы тыңда!» деп айтуға болмайды;

- Балаға өз қабілетін қысылмай ашық көрсетуі үшін өзіне ұнайтын жұмыспен айналысуға мүмкіндік беріңіз;

Бала тұлғасының эмоционалдық дамуы көбінесе бағаланбайды және ол ауыр және қайғылы салдарлар әкелуі мүмкін.

Эмоционалдық даму ата-аналар мен педагогтардың жіті назарында болуы тиіс.   Ең бастысы, бұл жағдайда ересектер балаға табыс сезімін сезінуін қамтамасыз етуі қажет. Баланы өзін тек өзімен салыстыруға және оны өзінің нәтижелерін жақсартқаны үшін мақтауға болады.

Клиникалық жағдайларды талдау бойынша педагог-психологтарға арналған әдістемелік ұсынымдар.

- Айына бір рет аудандық педагог-психологтардың отырысын өткізу, онда клиникалық жағдайларды талдау жүргізіледі, осы семинарлар практикалық бағытта және өзара әдістемелік алмасу болады;

 - Клиникалық жағдайлар туындаған кезде «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасының барлық қатысушыларының өзара іс-қимылының нақты алгоритмін сақтау керек;

- Клиникалық жағдайларды талдау бойынша семинарлар өткізу шеңберінде кәсіби құзыреттілікті арттыру әдістемелік көмек көрсетіп, бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылын жетілдіру керек;

- «Жасыл дәліз» қағидаты бойынша «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу»  бағдарламасына қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру қажет;

 - Педагогтарға өз психикалық денсаулығын қадағалау, кәсіби өшуін алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу керек;

 - Ата-аналарға, «вахтёрларға», педагогтарға бағдарлама бойынша алған білімдеріне сәйкес жасөспірімдерді бақылау және психологтың ұсынымдарына сәйкес әрекет ету керек.

«Кәмелетке толмағандар арасында денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасын енгізу шеңберінде Ақмола облысының аудандары мен қалаларына шығу қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар

- білім беру бөлімдерінің басшыларына штаттық кестені қайта қарау және ауданның жалпы білім беретін мектептерге педагог – психологтардың штаттық бірліктерін енгізу туралы өтініш жасау қажет;

-  штатты білімі бар педагог-психологтармен жасақтауға жәрдемдесу керек;

- білім беру бөлімдерінің әдіскерлері аудан және Көкшетау және Степногорск қалаларының педагог – психологтарына ақпаратты үнемі және уақытында жеткізуі керек;

- білім беру ұйымдарының басшылары өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес педагог-психологтардың кәсіби қызметіне жәрдемдесуі керек;

- педагог-психологтарға "тәуекел тобы" оқушыларымен түзету жұмыстарын жүйелеу» керек;

- әкімшілікпен «Кәмелетке толмағандар арасында денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу»  бағдарламасы бойынша плакаттарды орналастыруды келісу керек»;

- «суицид вахтерлерімен» ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу керек;

- каникул кезінде  «Тәуекел топтағы» оқушыларды бақылауға алуды  күшейту керек.

 

/public/files/2019/11/12/121119_131611_metodicheskie-rekomendacii-v-pomoschy-pedagogam-i-roditelyam-po-vopros.docx



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.11.2019 13:16
Құрылған күні: 12.11.2019 13:16

Текст