«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңінің қорытындысы туралы

03.03.2022

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Үздік жыл психологы» конкурсының республикалық кезеңін өткізді. Конкурстың негізгі миссиясы–дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.

Конкурс үш санат бойынша өткізілді: I санат – 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар; II санат – 3-7 жылжұмыс өтілі бар психологтар; III санат–7 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар психологтар.

Ақмола облысынанЕрболат Шағуан,Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің педагог - психологы; Шиндина Марина АнатольевнаАтбасар ауданы Бастау ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы; Ахметова Аида Бейсенқызы, Жақсы ауданыҚима ауылыныңҚ. Өскенбаеватындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Ахметова Аида Бейсенқызы III дәрежелі дипломмен (I санат) марапатталды.

Қатысушыларды құттықтаймыз және жаңакәсіби жетістіктер тілейміз!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.03.2022 22:33
Құрылған күні: 03.03.2022 22:38

Текст