«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарының арасында «Үздік психолог кабинеті» облыстық конкурсын өткізу туралы ереже

22.11.2022

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Ақмола облысы білім беру ұйымдарының «Үздік психолог кабинеті» конкурсы  (бұдан әрі – Конкурс) Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіледі.

1.2. Конкурстың мақсаты:

  • оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту, психолог кабинеттерінің жабдықталуын анықтау;
  • Ақмола облысының білім беру жүйесінде жұмыс істейтін дарынды педагог-психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу;
  • практикалық психологияның беделін арттыру;
  • жеке тұлғаны және оның даралығын дамытуға бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру;
  • педагог-психологтардың өзін-өзі дамытуға және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау;
  • озық тәжірибені тарату;
  • білім беру мекемелерінде педагог-психологтың жұмыс кеңістігін құру және ұйымдастыру;
  • жабдықты оңтайландырудың және кабинеттердің мүмкіндіктерін пайдаланудың практикалық критерийлерін әзірлеу.

 

2. КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1. Конкурс барысында сырттай қатысу формасы бойынша Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтардың кабинеттері (бұдан әрі - Қатысушылар) бағаланады.

2.2. Конкурсқа құжаттарды ұсына отырып, қатысушылар осы Ереженің шарттарымен өз келісімін растайды.

2.3. Қатысушыны ұсынуды кабинет орналасқан білім беру ұйымы жүзеге асырады.

 

3. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

3.1. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең.

  • құжаттарды қабылдау;
  • Конкурсқа Қатысушыларды тіркеу.

Екінші кезең

  • материалдарды сараптау;
  • Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын анықтау.

3.2. Конкурс нәтижелері Ақмола облысы білім басқармасының сайтында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ өзге де БАҚ-да жарияланады.

4. САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ.

4.1. Бағалау үшін сараптау комиссиясы құрылады, оның құрамына тәуелсіз сарапшылар кіреді.

4.2. Сараптау комиссиясы:

  • Педагог-психологтардың жұмыс орындары мен материалдарын бағалауды жүзеге асырады;
  • Конкурстың қорытындысын шығарады;
  • Конкурс жеңімпаздарын анықтайды;
  • ББ сайтында, БАҚ-да жариялау үшін үздік материалдарды ұсынады.

4.3. Сараптау комиссиясының жұмыс тәртібін, оның мүшелерінің функционалдық міндеттерін төраға белгілейді.

4.4. Комиссияның шешімі, егер оның құрамының жалпы санының  кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия шешімі конкурс қатысушылардың қорытынды ұпай санын ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының қосымша дауыс беруге құқығы бар.

5. ҚҰЖАТТАР МЕН КАБИНЕТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1. Конкурс қатысушыларын тіркеу үшін  келесі құжаттар ұсынылады:

  • Конкурсқа қатысуға өтінім-сауалнама (№1 нысан);
  • кабинет паспорты (№2 нысан);
  • кабинеттің портфолиосы.

5.2. Конкурсқа екі және одан да көп психологы бар  білім беру ұйымының психологиялық қызмет кабинеті ұсынылған жағдайда сауалнама-өтінімді әрбір педагог-психолог жеке толтырады.

5.3. Құжаттар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің әдіскеріне ұсынылады.

5.4. Білім беру ұйымдарының мынадай шарттары болуы тиіс:

  • жеке психологиялық кабинеттің болуы;
  • кабинеттің білім беру ұйымдарының осы түріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкестігі;
  • кабинеттің негізгі жұмыс аймақтарының болуы; кабинет жағдайында психолог қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда білім беру ұйымдарының ресурстарынан жетіспейтін аймақтарды өтеу мүмкіндігі.

6. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

6.1. Конкурстық номинациялар анықталды

  • «Жалпы орта білім беру ұйымының үздік психолог кабинеті»
  • «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік психолог кабинеті»
  • «ТжКБ үздік психолог кабинеті».

6.2. Құжаттама конкурстың тақырыбына және осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келіп, жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, негізгі бағыттары мен нәтижелілігі көрсетілуі тиіс;

 

6.3. Сараптау комиссиясы осы қосымшаның 5 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарды қарамау құқығын өзіне қалдырады.

6.4. Конкурстық бағдарламасына кіреді:

  • кабинеттің негізгі функционалдық аймақтарын, жабдықтарды, жұмыс аймақтарын, техникалық құралдарды және интерьер дизайнының қосымша элементтерін орналастыру ерекшеліктерін бағалау;
  • психологиялық жұмыстың барлық бағыттарын тиімді іске асыру үшін кабинеттің жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етілуін бағалау;
  • кабинеттің әдістемелік жабдықталуын бағалау (осы мекеме жұмысының ерекшеліктеріне және психологиялық жұмыстың мәлімделген мақсаттарына сәйкес балалармен жұмыс кезінде пайдаланылатын диагностикалық және түзету-дамыту бағдарламалары мен әдістемелерінің болуы );
  • педагог-психолог жұмысында кабинеттің қолда бар ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
  • кабинетті безендіруде және пайдалануда шығармашылық көзқарас, кәсіби ұстанымды бағалау.
  • құжаттаманы талдау.

 

7. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

7.1. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды және оларға рецензиялар берілмейді.

7.2. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардағы авторлық құқықтардың сақталуына осы жұмыстың авторы қатысушының өзі жауапты болады.

7.3. Конкурс жұмыстарының түсуі авторлық құқықтарды сақтай отырып, Ақмола облысы білім басқармасының сайтында жариялануға болатын автордың келісімі ретінде қарастырылады.

 

 

№ 1 нысан

ӨТІНІМ

Ұсынылатын ұйымның  толық атауы

_________________________________________________________

«Үздік психолог кабинеті» конкурсына қатысуға (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы) ұсынылады.

Басшы

(Аты-жөні)__________________________________________________

Қолы___________________________________________________________

Мөрі

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫ

 «Үздік психолог кабинеті»

  1. Аты-жөні толық.
  2. Жұмыс орны, қазіргі уақыттағы лауазымы және қай уақыттан бері жұмыс істейді.
  3. Білімі (ЖОО-ның (факультеттің) немесе өзге оқу орнының атауын және бітірген жылын көрсетіңіз).
  4. Педагогикалық өтілі (толық жыл) және аттестаттау санаты.
  5. Педагог-психолог жұмысының  тақырыбы.

2 нысан

КАБИНЕТ ПАСПОРТЫ

Кабинет паспортына кіреді:

1. Кабинеттің қысқаша сипаттамасы мен схемасы.

Кабинеттің қысқаша сипаттамасы: кабинеттің ауданы және орналасуы, педагог-психологтар жұмыс орындарының саны, кабинеттің толымдылығы, кабинеттің мақсаты туралы мәліметтер (қандай мақсаттар үшін пайдаланылады).

Кабинеттің схемасын психолог өз бетінше (компьютерлік немесе қолдан жасалған нұсқада) жасайды және кабинеттің негізгі аймақтарын, жиһаз бен жабдықтың орналасуын қамтиды.

2.Кабинетті функционалдық пайдалану: психолог (кабинетте кіммен және қандай жұмыс жүргізіледі).

 

Уақыты

Апта күндері

 

Дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Негізгі жабдықтардың тізімі: жиһаз заттары, қосымша дизайн құралдары.

Мүліктің атауы

Саны

 

 

 

 

4. Кабинетті әдістемелік құралдармен толтыру тізімі (оқу және дамыту құралдары, аудио және бейнематериалдар, әдістемелік әдебиет және т. б.)

Кабинеттің әдістемелік құралдарының тізімі.

 

Әдістемелік құралдардың атауы

Саны

 

 

 

 

5. Әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер тізімі.

Атауы

Авторы

Жылы

Саны

 

 

 

 

 

 

   Кабинет портфолиосы: психологтың осы кабинетті қолдануының қысқаша сипаттамасы.

    Кабинетті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы еркін түрде орындалады, білім беру процесіне қатысушылармен жұмыстың негізгі түрлері мен нысандарын сипаттайды және психологиялық кабинет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

 

8. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

8.1. Материалдар мен кабинеттерді сараптау нәтижелері бойынша жоғары баға алған Конкурсқа қатысушы Конкурс жеңімпазы болып жарияланады.

8.2. Егер қатысушылар бірдей балл жинаған жағдайда, материалдарды бағалау  сараптау комиссиясының отырысында шешіледі.

8.3. Конкурстың қорытындылары арнайы хаттамамен ресімделеді және сарапшылардың қолдарымен расталады.

8.4.Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталады. Конкурс қатысушыларына Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаты беріледі.

 

 

 

  • 1 (2).png
  • 1 (1).png
  • 1 (1).png
  • 1 (1).png


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 22.11.2022 08:49
Құрылған күні: 22.11.2022 14:46

Текст