«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Денсаулық және өмірлік дағдылары» әдістемелік құралына түсініктеме хат

12.04.2019

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру үшін және суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында әзірленген.  Әдістемелік құрал орта мектеп оқушыларында өмірлік дағдылардың жүйесін құрушы элементтерін ашып көрсететін алты модульден тұрады.

Аталған курс бойынша тәрбиелеу үдерісі аясында тренингтік сағаттарды өткізу физикалық сондай-ақ психикалық саулықты сақтау және нығайтудың өмірлік дағдыларын әртүрлі жағдайларда өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын,тұлғааралық қатынас дағдыларын,репродуктивті денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, кәсіпті саналы түрде таңдау,сондай-ақ сыртқы ортаның әртүрлі қиындықтарына қарсы тұру қабілетін дамытуға ықпал етеді. Осылайша, тренингтік сағаттарды көрсетілген әдістемелік құралдың сценарийі бойынша өткізу жасөспірімдерде өмірлік төзімділікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Бұл курс 9-сынып оқушыларына арналған 34 академиялық сағатқа арналып (аптасына бір сағат) бейімделген.Тренинг  сағаттарды жүргізу жалпы білім беретін мектептердің педагог,педагог-психологтары кіретін мұғалімдер құрамына жүктеледі. Тренингті жүргізу барысында педагог-психологтарға әр оқушының жеке тұлғасымен танысуға,даму ерекшеліктерін анықтауға және оның ары қарай құрылуына психикалық жетекшілік жұмыстарын жүргізу бойынша мүмкіндіктер беріледі.

 

/public/files/2020/5/20/200520_111829_densauly-ghne-mrlk-dadylarnsauly1-21.pdf



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.04.2019 18:29
Құрылған күні: 20.05.2020 11:18

Текст