«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шебер - жаттықтырушыларға арналған «Жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру» оқыту курстарын өткізу

18.06.2019

2019 жылғы 18 мамыр мен 1 маусым аралығында Көкшетау қаласында «Жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру» шебер - жаттықтырушыларға арналған курстар өткізілді (18-23 мамыр аралығында – «Со-Бытие» психологиялық мәдениет және қолдау орталығы базасында 10 адамнан тұратын 1 айналым; 27 мамырдан 1 маусым аралығында - Көкшетау қаласының № 2 МЛ базасында 10 адамнан тұратын 2 айналым).

Оқыту жаттықтырушылары: Жексембаева Гүлнұр Сәбетқанқызы, «BILIM FOUNDATION» ҚҚ қызметкері, психоаналитик және Досжанова Жанат Әбдіжамиқызы, «BILIM FOUNDATION» ҚҚ қызметкері, психоаналитик отбасылық жүйе бойынша оқу материалымен қол жетімді және сауатты таныстырды, шынайы жағдайға барынша жақындатылған жағдайларды жою арқылы кеңес беру дағдыларын дарытты. Білім алушылар алдында шебер – жаттықтырушылардың алдында келесі мақсаттар мен міндеттер тұрды:

- қатысушылардың отбасылық жүйелі кеңес беру кезеңдеріне сәйкес бірінші кездесуді ұйымдастыру және өткізу іскерліктерін қалыптастыру. Кеңес беру барысында отбасы мүшелерінің қарсыласуымен жұмыс істеуге, отбасы мүшелеріне түсінікті тілде нақты және анық сұрақтар қоюға, кеңес беру хаттамасын жүргізуге үйрету;

 - отбасылық жүйеде циркулярлық бірізділікті қадағалай білуді қалыптастыру, оны анықтауға жүйелік сұрақтар қою, кеңес беру хаттамасын толтыру;

 - қатысушылардың отбасы жүйесін диагностикалауды және жүйелік гипотезаны құруын қалыптастыру;

 - дисфункционалды коммуникацияларды анықтай білуді қалыптастыру, отбасылық жүйедегі коммуникацияда бұзылуларды қамтитын гипотезалар құру, кеңес беру хаттамасын толтыру;

 - жасөспірімдердің симптоматикалық мінез-құлқын жүйелі отбасылық тетіктерді қадағалай білуді қалыптастыру, олардың негізінде жүйелі гипотезаны қалыптастыру және оны отбасы мүшелеріне/клиентке қайтару.

Облыстың 6 ауданы мен екі қаласының шебер - жаттықтырушылары оқытылды: Көкшетау қ. - 7 адам, оның ішінде 2 – «BILIM FOUNDATION» ҚҚ қызметкерлері, 1 – Ақмола облысы білім басқарамасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» КММ- нің әдіскері, 4 – мектеп педагог – психологтары; Целиноград ауданы –4 педагог – психолог; Степногорск қ. - 2 педагог - психолог; Бурабай ауданы - 2 педагог-психолог; Ерейментау ауданы-2 педагог-психолог; Атбасар, Бұланды, Жақсы аудандарынан бір - бір өкілден. Олардың 18 - і өңір педагог-психологтарын оқытуға дайын.

 

  • IMG-20190601-WA0029.jpg
  • IMG-20190527-WA0020.jpg
  • IMG-20190531-WA0062.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.06.2019 17:07
Құрылған күні: 18.06.2019 17:09

Текст