2021 жылғы 10 тамызда Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі шеңберінде онлайн режимде бастауыш білім беру педагогтерінің «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Панельдік сессия жұмысына 548-ден астам педагог: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Ақмола облысы қауымдастығының бастауыш білім беру пәндері бойынша төрағалары, бастауыш сынып бойынша директордың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы құттықтау сөзінде жаңа оқу жылында бастауыш сыныптардың білім сапасын арттыру бойынша міндеттерді атап өтті.
Панельдік сессияны өткізу барысында 2021-2022 оқу жылдарына арналған жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарлары, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру факторы ретінде критериалды бағалау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту мәселелері қаралды.
Бастауыш білім беру педагогтерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша облыстың бастауыш білім беру жүйесі қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар талқыланып, қабылданды.
/public/files/2021/8/11/110821_201432_rekomendaciy-no-2021g.docx
/public/files/2021/8/11/110821_201547_avgust-1008-2021-1.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201610_avgust-1008-2021.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201625_avgust-hamzina.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201639_vystuplenie-schekina-ov.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201656_ghk-prezentaciya.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201711_puhnova-eb.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201727_stepnogorsk-lihacheva-ts.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201743_tipovyepravilaposokr-tupam-esily-21-22-1.pptx
/public/files/2021/8/11/110821_201758_tohtamurat-ermekbol-shortandy-audany.pptx